Қазақстанда HR-мамандарын дайындау басталады
Осындай пилоттық жобаға Еуразиялық ұлттық университеті дайын. Бұл жөнінде кеңес барысында МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тлеукенов хабарлады.
Бүгінгі күні HR-мамандары еңбек нарығында ең көп талап етілетін мамандар болып табылады, оны халықаралық зерттеулер растауда. Артып келе жатқан бәсекелестікті және табиғи ресурстардың шектеулігін ескере отырып, олардың рөлі ұйымның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде аса өзекті болып табылады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, HR қағидаттарын енгізудің арқасында, кадрлық қызметтердің кәсіби деңгейі елеулі артады.
Сонымен қатар, талдау көрсеткендей бүгін Қазақстанның мемлекеттік органдарында HR саласында білікті мамандар жоқ. Осылайша, кадр қызметшілерінің 46%-ы заңтану, 13%-ы – педагогикалық, 19%-ы – экономикалық мамандығын тәмамдаған. Қалғандары техникалық, гуманитарлық және басқа да әлеуметтік ғылымдары саласында оқыған.
Осыған байланысты, МҚІСЖҚА бастамасы бойынша ЕҰУ-де «Менеджмент» мамандығының аясында 2018 жылдың қыркүйегінен бакалавр деңгейінде HR-менеджерлерді оқыту басталады. Магистрларды келесі жылдан дайындау қарастырылған.
Оқыту бағдарламасы Агенттікпен бірлесе отырып, шетелдік рейтингілік жоғары оқу орындарының үлгісінде әзірленді және стратегиялық менеджмент, персоналды басқару, корпоративтік басқару, жобалық және қаржылық менеджмент, көшбасшылық, кадрлық саясат сияқты және басқа да пәндерді қамтиды.
Бұдан басқа, студенттердің кадрлық жұмыстың ерекшелігін түсіну үшін олардың орталық мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтуі қарастырылған.
Аталған оқыту бағдарламасын ЕҰУ-де сәтті сынақтан өткізудің қорытындылары бойынша, оны еліміздің басқа жоғары оқу орындарына тарату мәселесі қарастырылатын болады.
Комментарии