LANG_USER_MENU_CLEAR

ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАР ҚОЛДАНУ ҰСЫНЫЛДЫ

2017 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында 4 сұрақ қаралды, оның 6-уы тәртіптік іс.

Алматы облысы прокуратурасының ұсынысы бойынша Алматы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мен бөлім қатысты тәртіптік істер қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 3), 11) тармақшаларын бұзғаны үшін Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Т.Бекішовке «сөгіс» түріндегі, ал «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағының 4), 5) тармақшаларын бұзғандары үшін, аталған басқарма басшысының орынбасары М.Орманбетовке, бөлім басшысылары А.Н.Огневке, А.Қ.Қасымовқа, Т.Қ.Алыбаевқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, Іле ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша Іле ауданының Междуреченск а/о әкімі С.Ә.Әбдібековке қатысты тәртіптік іс қаралып, алайда Әдеп жөніндегі кеңес ережесінің 27 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, аталған тәртіптік іс тәртіптік жазаға тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тоқтатылды.

Өз кезегінде кеңес мүшелері Қапшағай қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғ.Әбдішүкірұлы мен жалпы бөлімінің бас маманы А. Ерланнан Әдеп жөніндегі кеңес ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу туралы мәселені қолдамады.

Сонымен қатар, Ескелді ауданының әкімі Ж.Ж.Ноғайбековтің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларының есебі тыңдалды.

20:13
146
Сымбат Исрапулова

Comments

No comments yet. Yours will be first!