LANG_USER_MENU_CLEAR

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР МЕКЕМЕСІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР МЕКЕМЕСІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

BigNews.kz Ағымдағы жылдың 1 тамызы Қазақстан Республкасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Ләззат Мұқатайқызы Бейсеқұлова Әдептілік деңгейін көтеру бойынша кешенді жоспарды орындау мақсатында Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілерге деген қазіргі қоғамның көзқарасы туралы айтылды. Себебі, әр мемлекеттік қызметші өз деңгейінде қоғамның билік институттарына деген сенімін нығайтуға немесе ыдыратуға әсер ететіні сөзсіз.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыруға бағытталған түрлі шаралар жүзеге асырылуда, атап өтсек, осы тектес жиындар, танымдық-ақпараттық материалдар тарату, БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, Әдеп жөніндегі уәкіл арқылы да әдептілік деңгейін арттыру бағытында біршара шаралар атқарылуда.

Одан бөлек, әр мемлекеттік органда тәртіптік комиссиялар жұмыс атқарса, облыс деңгейінде Әдеп кеңесі құрылған.

Кездесу соңында, Л. Бейсеқұлова мемлекеттік мекеме қызметшілері қатарынан жеке сұрақ қоюшыларды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Дополнительное фото:
12:55
223
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!