Жетісулық мемлекеттік қызметшілер бірауыздан қайырымдылық акциясын қолдады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және«Милосердие» Қоғамдық қоры «Алға басу – движение вперед» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қайырымдылық жүгіру акциясын өткізді.
Аталған іс-шара 2018 жылғы 16 маусымда сағат 10.00-де Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай, республикамыздың барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларында бірыңғай стартпен – бір күні, бір сағатта басталды.
Сонымен қатар, Алматы облысының аудан, қалаларында да мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жоғарыда көрсетілген күні мен уақытта акцияны өткізді.
Жоғарыда көрсетілген шараға қатысуға ниет білдірушілер өздері жеке 2018 жылғы 7 маусымға дейін «Дом» қорының (Аружан Саин) банктік шотына бастапқы жарна аударды, жиналған қаражат қоры сырқат балаларды емдеуге жолданатын болады.Талдықорған қаласында өткізілетін қайырымдылық жүгіруге 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысты, бұдан бөлек облыстың аудан, қала орталықтарында 2000-нан мемлекеттік қызметшілері мәреге шықты.
Облыс бойынша 2 млн. теңгедей қаражат қайырымдылық қорына аударылды.
Қайырымдылық жүгірудің ережесіне сәйкес, жүлделі орын алған жеңімпаз қатысушы арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталады, сондай-ақ барлық жарысқа қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі.
Комментарии