ЖАҢАРҒАН ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ИНСТИТУТЫ
BigNews.kz |
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) ұйымдастыруымен 2017 жылғы 08 қыркүйекте облыс бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдердің басы қосылып, бірінші оқыту семинары өтті.
Семинарға Алматы облысының әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалған Талғат Өмірәлиев, Департамент басшысының орынбасары Ләззат Бейсеқұлова қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкілдер 2015 жылы «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 12-қадамын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін енгізілген.
Президенттің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 487 Жарлығымен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана әкімдерінің аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілді.
Ал облыстың аудан, қала әкімдерінің аппараттарында, департаменттерде, сондай-ақ тексеру комиссиясында әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы басшы лауазымын атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі, құрметке ие мемлекеттік қызметшілерге жүктеу арқылы енгізілді.
Семинарда облыс бойынша барлығы 40 әдеп жөніндегі уәкіл бас қосып, өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру, әдеп жөніндегі уәкіл институтын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту барысын талқылады.
Семинарды қорытындылаған Ләззат Бейсеқұлова жаңартылған әдеп жөніндегі уәкіл институты арқылы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тағылатын сын мен олардың тарапынан әдеп Кодексінің бұзылу жағдайларының азаятынына сенімді екенін жеткізді.
Комментарии