ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
BigNews.kz |
2017 жылғы 24 тамызда өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде 7 сұрақ қаралды.
Бірінші болып «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің басшысы Е.Серикпаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығына Ескелді ауданының прокуратурасының тарапынан 2016 жылға қаржылық бақылау органдарының жұмыстары зерттеліп ұсыныс түскен болатын.
Алайда ұсыныста баяндалған фактілер бойынша кеңес хатшылығымен Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Серікпаевқа қатысты қызметтік тергеп-тексеру жұмыстарынан кейін бөлім басшысының әрекетінен заң бұзушылық анықталмады.
Өз кезегінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің шешімімен Е.К.Серикпаевқа қатысты тәртіптік іс тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды.
Келесі кезекте «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысы Н.Қ.Жамаубаевқа қатысты тәртіптік іс қарауға ұсынылды.
Бұл ұсыныс Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығына Талдықорған қаласы прокуатурасынан келіп түскен.
Ұсыныста Талдықорған қаласының ауылшаруашылық бөлімі Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын сақтамағандығы көрсетілген.
Бұл бөлім басшысы Н.Жамаубаевтың өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқармағандығынан орын алып отыр.
Алайда, аталған заң бұзушылықтардың жасалған күні 2016 жылдың 7 қазанында орын алған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
Демек, заң бұзушылық жасалған күн мен Талдықорған қаласы прокуратурасының ұсынысы арасындағы мерзімі алты айдан асып кеткен.
Осы себеппен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің шешімімен Н.Қ.Жамаубаевқа қатысты тәртіптік іс тәртіптік жазаға тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тоқтатылды.
Бұдан өзге қарастырылған сұрақтар заңбұзушылықтардың алдын алу шараларына бағытталған болды.
Атап айтқанда, «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің басшысыН.З. Әкежановтың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары, Алматы облысының әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ә.Өмірәлиевтіңқызмет нәтижелері, Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары, 2017 жылғы І жартыжылдығының тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиясының жұмыс нәтижелері мен мемлекеттік автокөлік құралдарын қызметтік емес уақытта пайдалану фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың қорытындылары тыңдалып, тиісті ұсыныстар берілді.
Comments