LANG_USER_MENU_CLEAR

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӘДЕБІ

Тип статьи:
Авторская

Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың жұртшылық алдындағы мемлекеттік басқару органдарының имиджін анықтайтын мінсіз әдеп мінез-құлықтарымен қатар жүруі керек.

Сондықтан қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет аппаратының кәсіби біліктілігіне, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне үлкен мән берілуде.

Ең алдымен, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен өз қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау заң дәрежесіне көтерілді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Бұл Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз әрекетінің алдын алуға бағытталған.

Яғни, бұған қарап отырып біз, бұрынғыға қарағанда мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптардың күшейгендігін байқаймыз.

Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі ғана емес, сонымен қатар айналасындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады.

Кодексте мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын негізгі талаптар, қызметтен тыс уақыттағы және қызметтік қарым-қатынастағы, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуімен байланысты мінез-құлық стандарттары нақты көрсетілген. Атап айтар болсақ, бұдан былай мемлекеттік қызметшілер тек қатардағы жай қызметкер емес, халық арасында беделді, жұртшылық үлгі тұтатын тұлғаға айналғаны абзал.

Ел үшін жан аянбай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші қашанда елге сыйлы, басшылыққа қадірлі.

Осы мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, олардың арнайы Ережесі бекітілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдер 2015 жылы «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 12-қадамын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін енгізілген.

Президенттің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 487 Жарлығымен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана әкімдерінің аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілді.

Ал облыстың аудан, қала әкімдерінің аппараттарында, департаменттерде, сондай-ақ тексеру комиссиясында әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы басшы лауазымын атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі, құрметке ие мемлекеттік қызметшілерге жүктеу арқылы енгізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзудың алдын алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді. Сонымен қатар мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді.

Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Өкінішке қарай, осындай түсіндірме жұмыстарына қарамастан, жыл басынан бері Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өтіп, 82 мәселе қаралды. Оның 59-ы мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер болса, 16 мемлекеттік орган басшыларының, аудан әкімдерінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысының есептері тыңдалды.

Қаралған тәртіптік істер нәтижесімен 42 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар берілді, оның ішінде: 19 - әдеп кодексін бұзушылықтары, 23 - мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандар.

Жалпы, заманауи мемлекеттік қызметте кадрларға деген кәсіби талаптар басты қағида болуы тиіс. Оның кәсіби сапасы арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланады. Сондықтан әрбір адам мемлекеттік қызметпен тағдырын байланыстыра отырып, халықтың алдындағы үлкен жауапкершілік екендігін түсінуі қажет.

Осы орайда, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарын мұқият сақтап, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуымыз қажет.

Еділ Тезекбаев,

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы

статьи, разные, интересные, полезные на bignews.kz
262
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Новости Партнеров: